Қадыров Құранның өз өмірінде алар маңызы туралы бөлісті

Қадыров Құранның өз өмірінде алар маңызы туралы бөлісті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранды басшылыққа алып өмір сүретін адамдар адам құқығын қорғаушылар болып табылады. Бұл жөнінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өз Telegram каналына жазған.

«Құран, Киелі Кітап, Танах мемлекеттің негізгі заңдарына, құқықтық нормаларына қайшы келмейді.  Олардың даналығы айқын әрі бәрін қамтыған. Кімде-кім Қасиетті кітаптарды ұстанатын болса, ол адам құқығын сақтайды әрі қорғаушысы болады және өз өмірін адамзаттың жоғары мұратына қызмет етуге арнайды», - деп жазған Қадыров.

Оның айтуынша, Құран «тек өзіне ғана пайда келтіріп қоймай, сондай-ақ, өзгелерге де пайдасын тигізіп өмір сүруге үйретеді», ал Құранның және басқа да Киелі Кітаптардың негізінде – «еркіндік, теңдік, бейбіт тәртіп, сүйіспеншілік, аяушылық, үміт және адам өміріндегі ең ізгі дүниелер жатыр».

 «Құран – менің өмірім. Құрандағы әрбір сөз — барлық ғасырлардағы адамзат баласы өмірінің көрінісі. Барлық даналық, барлық ақиқат, барлық ұлы ілімдер — Құранда», - деп атап өткен Шешенстан басшысы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: