Самарқандта Ислам Каримовтің кесенесі ашылды

Самарқандта Ислам Каримовтің кесенесі ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Самарқандта Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің кесенесі ашылды. Кесененің ашылуы 30 қаңтар оның туған күніне орай ұйғарылды.

Ашылу салтанатына Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиёев және марқұм бұрынғы президенттің жесірі Татьяна Каримова қатысты. 

Айта кету керек, кесене Ислам Каримовтің қабірінің үстінен тұрғызылған. 

Кесенеге кіре берісте орнатылған мәрмәр тақтайшада өзбек және ағылшын тілдерінде: «Бұл қасиетті жер Өзбекстан Республикасының Бірінші Президентінің, ұлы мемлекеттік әрі саяси қайраткердің, өзбек халқының қымбатты да сүйікті ұлы Ислам Абдуганиевич Каримовтің мәңгілік мекені», - деп жазылған.

Құлпытас ақ оникстен жасалған. Кесене қабырғалары қымбат тастармен көмкеріліп, алтын жалатылған, ал кесененің төменгі жағы  жасыл оникспен әшекейленген. 

Мемориалдық кешен аумағында орналасқан террасаға кіреберісте өзбек, араб және ағылшын тілдерінде Құранның аяттары мен Каримовтің нақыл сөздері жазылған.

В Самарканде открыли мавзолей Ислама Каримова

В Самарканде открыли мавзолей Ислама Каримова

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: