Бразилиялық құмнан жасалған қамалда 22 жыл тұрған

Бразилиялық құмнан жасалған қамалда 22 жыл тұрған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бразилияда «Король Марсио» деп танылған 44 жасар Марсио Мицаель Матолитас 22 жыл тұрып жатқан қамалын өзі жөндеп, өзі үнемі қарап отыр. Бос уақытын ол балық аулаумен, кітап оқумен әрі гольф ойнаумен өткізеді. Сән-салтанаты келіскен қамалдың сыртқы көрінісіне қарамастан, оның ішінің көлемі 3 шаршы метр ғана әрі кітаптармен лық толтырылған,- деп мәлімдеген Лента.ру.

«Адамдар көрінісі теңізге  қараған жайлар үшін қаншама қаражат төлейді, ал мен болсам ақша шығармастан, өзімнің рақатым үшін тұрып жатырмын», — деп ағынан жарылған Матолитас. Оның айтуына қарағанда, оның қамалында бір-ақ кемшілік бар, ыстық қайтқан түнгі уақытта оның қамалы қатты ысып кетеді екен. Осыған байланысты, кейде Марсио өз досының  үйінде қонуға мәжбүр болады. Бірақ «жағажай королі» өз қамалының маңында ұйықтағанды қалайды, тіпті ашық аспан астында теңіздің жағасында жатар болса да.

Бразилиялық жағажайда өмір бойы өмір сүріп келеді. Басында тәжі, қолында аса таяғы бар Матолитас саяхатшылармен өз қамалының қасында қуана-қуана суретке түседі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: