Архангельскіде тарихи мешіт ашылуға дайын

Архангельскіде тарихи мешіт ашылуға дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2014 жылы болған үлкен өрт салдарынан мешітті қайтадан қалпына келтіру керек болған. 

Үстіміздегі жылдың 2-ші ақпанында қайтадан қалпына келтіруден кейін Архангельскідегі мешіт  халық игілігіне беріледі.

Мешіттің салтанатты ашылуына аймақтың губернаторы Игорь Орлов,  Архангельск қаласының мэрі Игорь Годзиш, сондай-ақ, РФ бірқатар субъектілерінің басшылары, Ресейдің діни қайраткерлері және дәстүрлі дін өкілдері қатысады деп күтілуде.

Архангельск татар ұлттық-мәдени автономиясының аймақтық төрағасы Рим Калимуллиннің айтуынша, аталмыш мұсылман ғибадатханасы 1931 жылдан бері ЖАҚФБ қарауында болған, ал оны қайтадан басыбайлы қайтаруға Татарстанның бірінші  президенті, қазіргі мемлекеттік кеңесші Минтимер Шаймиев және Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Эльвира Набиуллина атсалысқан.

Мешітті қалпына келтіру жұмыстары 2012 жылы басталған болатын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: