Әнші Алсу БАӘ-гі шейх Зайда мешітіне барып, өз «арманын жүзеге асырды»

Әнші Алсу БАӘ-гі шейх Зайда мешітіне барып, өз «арманын жүзеге асырды»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Суретте: Алсу шейх Зайда мешітінде.

Осы күндері БАӘ-де демалып жатқан Ресей әншісі Алсу Әбу-Дабиде орналасқан әлемдегі аса ірі мешіттердің бірі – шейх Зайдтың мешітінде болған. 

Әнші осындай қуанышты жайтты өзінің Instagram парақшасына жазыпты. Дәлірегінде, ол былай деп жазған: «бұрынғы арманым орындалды, енді жаным жай тапты».

Айта кету керек, БАӘ-нің негізін қалаушы әрі бірінші президенті шейх Зайд ибн Султан ан-Нахаянның құрметіне арналып салынған мешіт әлемдегі аса ірі мұсылман ғибадатханаларының бірі болып табылады.

Мешітке кіру тегін әрі оған әртүрлі дін өкілдері кіре алады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: