Мысырда тарихи артефактарды ұрлағаны үшін өмір бойына түрмеге отырғызады

Мысырда тарихи артефактарды ұрлағаны үшін өмір бойына түрмеге отырғызады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысыр билігі тарихи артефактарды ұрлағаны үшін жазаны анағұрлым күшейтпек. Қазіргі таңда үкімет көнеліктерді қорғау туралы заңға сәйкес түзету енгізу үстінде. Құнды тарихи нысандарды және көне мысырлық монументтердің бөліктерін шекарадан шығарғаны үшін өмір бойы түрмеге қамау жазасы жоспарлануда. Бұдан бөлек, Egypt Today мәлімдегендей, 500 мың доллар көлемінде ірі айыппұл қарастырылған.  

Естеріңізге сала кетсек, Мысырда соңғы аты шулы қылмыс өткен жылдың желтоқсанында орын алған. Каир қаласындағы халықаралық әуежайда бір жолаушыдан 329 көне шақа табылған, ол бұл артефакты Францияға жіберуді жоспарлаған екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: