Uber Сауд Арабияда алғаш рет қыз-келіншектерді жұмысқа алады

Uber Сауд Арабияда алғаш рет қыз-келіншектерді жұмысқа алады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Сауд Арабияда таксиші қыз-келіншектер пайда болады.

Сауд Арабияда  жақын уақытта жүргізушілерді іздейтін және таксиге тапсырыс беретін  Uber және оның Таяу Шығыстағы бәсекелесі  Careem сияқты ірі  онлайн-сервистер қыз-келіншектерді жұмысқа ала бастайды. 

Arab News баспасының мәлімдеуінше, таксиші қыз-келіншектердің қызметін тек әйелдер немесе отбасылар ғана пайдалана алатын болады. Күндізгі немесе түнгі ауысымда жұмыс жасауды жүргізуші қыз-келіншектердің өздері шешеді.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында-ақ Uber жұмысқа 10  шақты нәзік жанды жүргізушілерді қабылдайды деп жоспарлануда.

Қыз-келіншектерді жұмысқа алмай тұрып, олар арнайы дайындық курстерінен өтетін болады. Аталмыш курстерде қыз-келіншектерге Сауд Арабиядағы жол жүру ережелері мен ерекшеліктері, клиенттерге қызмет көрсету қағидалары, сондай-ақ, жұмыс барысында олар тап болуы мүмкін әлеуметтік және  заңды мәселелер туралы баяндалатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: