Бас имам «Қазақтелеком» АБТ ұжымымен кездесу өткізді

Бас имам «Қазақтелеком» АБТ ұжымымен кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы кезекті имани кездесу өткізді. Осы жолғы кездесу қоғам өмірінде маңызды қызмет атқаратын «Қазақтелеком» АБТ мекемесінде өтті. Кездесу «имандылық-тығырықтан шығарар жол»  тақырып аясында болды. Бас имам Исламның елімізге келу тарихын паш етіп, дінімізбен дәстүріміздің етене бітісіп, өміріміздің мызғымас қағидасы болып кеткен әдет-ғұрыптарымыз жайлы дәлелді мысалдар келтірді. Осы мақсатта Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  көптеген мәселелердің іске асырудың маңыздылығын түсіндіре кеткен Дәуренбек Жандосұлы, жат ағымдардың  зиянында айта кетті. Жат ағымдардың негізгі қателіктері, қоғам мен елімізге тигізер зияны да кеңінен жеткізілді. Мекеме ұжымы бас имамға көкейкесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: