Мұсылман есімі - Аустриядағы ең танымал есімдердің қатарында

Мұсылман есімі - Аустриядағы ең танымал есімдердің қатарында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2017 жылы Венада Мұхаммед есімді 159 сәби дүниеге келген. 

Аустрия астанасында ата-аналары дүниеге келген жас сәбилеріне ең танымал мұсылман есімдерінің бірін қоюда.

Дәстүрлі батыс Александр мен Максимилиан есімдері бастаған үштік қатарға Мұхаммед есімі де кірген.

Kronen Zeitung баспасы Венаның муниципальды департаментіне сілтеме жасай отырып, санау кезінде аталмыш мұсылман есімінің барлық жазылу нұсқалары - Мұхамед, Мұхаммет, Мохамад, Мұхаммад және Мұхаммед - қамтылғанын мәлімдеген.

Баспа мәліметі бойынша, өткен жылы Аустрия астанасында  175 Александр, 161 Максимилиан және 159 Мұхаммед есімді сәбилер дүниеге келген. 

Төртінші - Давид (151) болса, бесінші - Филипп (137) есімі болған.

Қыздарға қойылған ең танымал есім София болған, бұл есімді 183 жұп өз қыздарына қойған. Екінші және үшінші кезекте, сәйкесінше,  Сара мен Инна есімдері қойылған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: