Аустрияда мұсылмандар саны 30 есеге өскен

Аустрияда мұсылмандар саны 30 есеге өскен

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда Аустрияда 700 мыңнан артық мұсылмандар тұрады.  

Соңғы 45 жылда Аустриядағы мұсылмандар саны 31 есеге өскен. Бұл жөнінде 18 мың ашық дереккөздерден әлемнің әртүрлі елдерінің  әлеуметтік-экономикалық жағдайынан мәлімет жинайтын беделді дереккөз – Statista порталы мәлімдеген.

Ресурстың мәліметі бойынша, 1971 жылы Аустрия тұрғындарының шамамен 22 мыңы ислам дінін ұстанатындар болса, ал 2016 жылы олардың саны 700 мыңнан асқан. Осылайша, қазіргі таңда елдің әрбір оныншы тұрғыны мұсылман болып табылады. 

Таяу Шығыста басталған соғыстың салдарынан Аустрияға келген мұсылмандардың басым көпшілігі жиі радикалдық, дәстүрлі емес исламды ұстанушылар болып табылады әрі олар альпілік елге 70-80 жылдары келген мұсылмандарға қарағанда аустрия қоғамымен анағұрлым нашар интеграциялануда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: