Миғраж түні Алла Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) не сыйлады?

Миғраж түні Алла Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) не сыйлады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Миғраж түні біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген:

- Уа, біздің Жаратушымыз! Сен Адамға Жұмақты бердің, ал маған не бердің?

Алла тарапынан мынадай жауап келеді:

- Адамды Мен Жұмақтан шығардым. Алайда саған, сенің үмбетіңе Жұмақты сыйладым әрі сендерді ол жерден шығармаймын.

Сонда мен былай айттым:

- Сен Нұхты кеме жасауға үйреттің, ол сол жерде құлшылық етті.

Алла Тағала былай деп жауап қатты:

- Мен сен үшін күллі жер бетін мешіт еттім. Қай жерде қаласаң, сол жерде құлшылық ет. Қиямет күні өз мешіттеріңнен тұрасыңдар. Сен және сенің үмбетің Сират көпірінен еш алаңсыз өтесіңдер.

- Ибраһим үшін Сен отты салқындатып, оны аман алып қалдың, - дедім мен.

- Ал сенің үмбетің үшін Мен Тозақ отын салқындатып, оларды аман алып қаламын, - деп жауап берді Алла.

- Ысмайылға Сен Зәм-зәм суын сыйладың.

- Ал саған Жұмақтағы Кәусәр бұлақты сыйладым.

- Ысмайыл үшін Сен қойды құрбандыққа шалдың.

- Сенің үмбетің үшін Мен яһудилер мен христиандарды құрбан еттім. Сенің үмбетің оларды Тозақта қалдырып, өздері Жұмаққа кіреді.

- Мұса пайғамбармен Сен Тұр тауында тілдестің.

- Ал сенімен Мен Аршының үстіндегі Бақта тілдестім.

- Ғисаға Сен тамақты көктен түсірдің.

- Қайта тірілген күні Мен саған керемет тамақ беремін.

- Дәуітке Сен Зәбурды түсірдің.

- Ал Мен саған «Ән'ам» сүресін бердім.

- Жүністі Сен үш қараңғылықтан құтқардың.

- Дәл солай Мен сенің үмбетіңді де үш қараңғылықтан: қабір қараңғылығынан, Қиямет күнгі азапты қараңғылықтан, Сират көпірінен өтердегі қараңғылықтан құтқарамын.

Алла Тағала әрі қарай сөзін жалғады:

- Сенің мәртебеңмен ант етейін, Мен де сенің үмбетіңе жақын болғым келеді. Мен иман келтірмегендерді Жұмаққа кіргізбеймін. Өзімнің мейірімім мен шексіз игіліктерімді Мен иман келтіргендерге дайындап қойдым. Менің нығметіме бөленгісі келгендер, Мені естеріне алсын, олар ауыздарынан Менің атымды тастамасын. Маған бойұсыну жолында өз денесін құрбан етсін. Оның Маған деген сүйіспеншілігінің белгісі — ол Менің сөзімнен басқа ешкімнің сөзін тыңдамайтын болсын. Оның жүрегінде тек Маған деген сүйіспеншілік қалсын. Оның аузында тек Менің ғана атым болсын, Менің алдымда бойұсынған кейіпте болсын әрі көздеріне жас үйірілген болсын. Егер олар осындай болса, онда Мен басқа әлемдерге қарағанда оларға жақын боламын. Мен оларды шайтандардан алыстатып, әрдайым Өзім разы болатын қызметте ұстайтын боламын.

- Иә, Раббым! Менің үмбетімнің көпшілігі әлсіз әрі момын. Олардың бұған шамасы жетпейді. Оларға мейірімді болшы, Сен — Жомартсың ғой.

- Уа, Менің сүйіктім! Мен — мейірімділердің мейірімдісімін. Ешкімнің бойұсынушылығы Маған ешбір пайда бермейді. Сондай-ақ, бүлікшілдің бойұсынбауы да Маған еш зиян әкелмейді. Уа, Менің сүйіктім! "Әшһаду анлә иләһа илләллаһ уа әшһаду әнна Мұхаммадан абдуһу уа Расулюху", - деп айтатынды қуант.  Мен оны Өз мейіріміме бөлеймін әрі Менің нығметім оған киім-кешек болсын. Оның назары үнемі Мен жақта.

- Енді мен тынышталдым, менің жаным да разы, Раббым! Алла Тағала: «Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың» (93:5).

Миғраж түні Алла Тағала былай айтқан:

- Уа, Менің Сүйіктім! Сен Маған басқа пайғамбарлардан қымбатсың әрі сенің үмбетің Менің алдымда үлкен мәртебеге ие. Сондықтан Мен барлық құлшылық жораларын жиып, оны намаз деп атадым. Мен оны сенің үмбетіңе тән құлшылық еттім. Кімде-кім Мен үшін намаз оқыса, ол барлық құлшылық түрімен Маған құлшылық еткен болады.

Сонда Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен:

- Миғраж түні мен Тозақты көрдім, сол жердегінің басым көпшілігі кедейлер мен әйелдер, - деген.

- Уа, Алла Елшісі! Кедей дегеніңіз — мал-мүліксіз жандар ма? - деп сұраған сахабаларына, аса мәртебелі Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

- Жоқ, мал-мүліксіз емес, ол жердегі кедейлер — білім мен игі амалдардан жұрдайлар, - деп жауап берген екен.

"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: