Спорт-денсаулық кепілі

Спорт-денсаулық кепілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітіне қарасты Бірлік ауылы, Бірлік мешітінің молдасы М Жұматаевтың ұйымдастыруымен жастар арасында М.Х.  Дулати атындағы мектеп спорт залында кіші футболдан жарыс өтті.

Жастар арасында футболдан жарыс өте тартымды өтті. Жарысқа қатысқан мешіт шəкірттерімен жоғарғы сынып оқушылары өздерінің жанкүйерлеріне ерекше керемет ойын көрсетті. Шараны ұйымдастырушы М.Жұматаев жеңімпаз командаларды мақтау қағазымен марапаттап, сыйға Құран кітаптар таратты.

Ойын соңында Бірлік мешітінің молдасы М.Жұматаев қатысқан ойыншыларға жəне жанкүйерлерге бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат ауыл жастары арақ, темекі жəне басқа да зиянды заттардан аулақ болуларын, өйткені денсаулық Алланың берген аманаты денсаулыққа өте қатты мəн беріп салауатты өмір салтын сүру керектігін айтып, алдағы уақытта осындай спорттық ойындар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: