Алғашқы мысырлық смартфонға алдын ала тапсырыс беру қолжетімді болды

Алғашқы мысырлық смартфонға алдын ала тапсырыс беру қолжетімді болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысырда мысырлық компания  Silicon Industries  өңдеп шығарған Nile XВ  смартфонына алдын ала тапсырыс беру басталды. Бұл гаджеттің құны  4200 еуроны құрайды. 

Сатып алушылар оны 2018 жылдың екінші жартысынан бастап ала бастайды.  Аталмыш смартфон тек Мысыр халқына ғана емес, сондай-ақ, планетаның кез-келген жеріндегі тұрғынға да қолжетімді болады. Компанияның негізін қалаушы Мұхамед Салемнің мәлімдеуінше, Nile X смартфонына әлемнің әр елінен  мыңдаған адамдар тапсырыс беріп қойған екен.

Естеріңізге сала кетсек, Silicon Industries компаниясы бірінші Nile X бренд смартфонының таныстыру ролигін YouTube шығарып үлгерген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: