Қордай жеріндегі мәуліт мерекелері

Қордай жеріндегі мәуліт мерекелері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт мерекесі еліміздің жер-жерінде тойланып жатқаны жанымызды жадыратады.  Қордай ауданының имам-молдаларының кезекті жиналысында аудан бас имамы ауылдық деңгейлерді мәуліт мерекесін атап өтуді тапсырған.

Әрине нарықтық заманда мешіттерге салмақ түспес үшін аудан бас имамы Д.Жандосұлы етене жақын жатқан ауылдарды біріктіріп, арнайы кесте  бекітіп, мерекені атап өтуге тапсырма берген. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші кестеге сәйкес ауылдық аймақтарда мәуліт мерекелері аталып өтті. Әлжан ана, Жамбыл, Арал бір топ, Қақпатас, Бетқайнар, Сарыбұлақ бір топ, Қарасай Еңбек ауылдық мешіттері бір топ, Үлкен Сұлутөр, Сұлутөр ауылдары сияқты ауылдар топ-тобымен бірігіп атап өтті.

Мереке барысында Алла елшісіне с.ғ.с сағыныш, оның өнегелі өмірі сөз етіліп, уағыз насихаттар айтылса, мерекелік іс-шаралар кең дастархан басында өз жалғастарын тауып жатты.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: