Қариялар қадірленген дастархан

Қариялар қадірленген дастархан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Желтоқсан айының 28-ші жұлдызында Тараз қаласының «Салы молда» мешітінде құптан намазынан кейін айлық уағыз дастарханы жайылды.

Қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы бұл жиынның мақсаты - халықты бірлікке шақырып, иман мен құлшылығымызды қуаттау екенін айтып, көнекөз қарияларды құрметтеуге шақырды. Бас имам өзінің сөзін дастархан басында “Бес саусақ біріксе, жұдырық, бірікпесе, құрыдық” деген нақыл сөз аясында ауызбіршіліктің маңызын қозғап өрбітті.

Уағызды «Тектұрмас ата» мешітінің имамы Кенжемолдаев Алмаз жалғастырып, Аллаға, пайғамбарамызға (с.ғ.с.) деген адалдық, басшыға және мұсылман жұртшылығына деген адалдық туралы баяндап, Құран аяттарының тәпсірі мен хадистердің түсіндірмелеріне кең тоқталды.

Қала имамы Қанат Әділханұлы бұл жиынды ұйымдастырған «Салы молда» мешітінің имамы Жасулан Каримов пен мешіт ұжымына және жамағатына алғысын білдірді.

Жиын соңында «Әбдіқадір» мешітінің имамы Ахметов Айнабек Құран оқып, мешіт ақсақалы бата берді.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: