Сауд Арабия кинотеатрларға салынған 35 жылдық тыйымды жояды

Сауд Арабия кинотеатрларға салынған 35 жылдық тыйымды жояды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда Сауд Арабияда күш алып келе жатқан жаңа әлеуметтік реформалар аясында елдегі кинотеатрлар қызметіне салынған 35 жылдық тыйым жойылмақ.

Бүгін САК үкіметі кинотеатрларды басқаруға, соның ішінде, коммерциялық операторларға рұқсат беруді бастау шешімін қабылдады, деп жазады Интерфакс-дін.

Алғашқы кинотеатрлар келесі жылдың наурыз айында ашылады деп ұйғарылуда, -  деп атап өтті Сауд Арабия мәдениет және ақпарат министрі Аввад Алаввад. САК үкіметінің бағалауына сәйкес, 2030 жылға қарай Корольдікте  шамамен 2 мыңнан аса залдары бар 300  кинотеатр ашылады деп күтілуде. Бұл 30 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына әрі ІЖӨ-ге 24 миллиард доллар кіріс кіргізеді деп болжануда.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабияда кинотеатрларға 1980-ші жылдардың басынан бастап тыйым салынған болатын.

muftyat.kz


Алла тағала Құранда былай дейді: "Алла мумин ерлер мен мумин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі қалатын бақшалар және Ғадын жәннәтында көркем орындар уәде етті. Ал Алланың разылығы өте зор табыс." (Тәубе сүресі -72) 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: