"Əр-Рахман" мешіті қайта бой түзеді.

"Əр-Рахман" мешіті қайта бой түзеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында «Əр-Рахман əр-Рахим» мешітінің ауласына үлкен, жаңа мешіт салынды. Сыйымдылығы мың адамға жуық бұл ірі нысанның ашылу салтанатының алдында мешіт шəкірті Құран оқыды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр  Жұмабаев сөз бастады. Бас имам өз сөзін: "Кім де кім Алланың жер бетіндегі үйі болып табылатын мешіт салса, Алла оған жəннатта зəулім сарай тұрғызады", - деген хадис төңірегінде өрбітті.

Мешіт имамы Нұрматжан Миразизов өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы мен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Әділханұлына алғысын білдіріп, иықтарына шапан жапты.

Ашылу салтанатынан кейін  мешіт имамдары мен жамағат жаңа мешіттің ішін тамашалап, бірге бесін намазын оқыды. Сосын, қонақтар дастархан басында бас қосып, қала имамы Қанат Жұмағұл мешіт салдырудың абзалдығы туралы уағыз оқып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кім де кім мешіттің бір шамын жақса, періштелер ол адамға қиямет күніне дейін Алладан рақым тілеп тұрады», - деген хадисін айтып өтті.  

Мешіт имамы Нұрматжан Миразизов мешіт жамағатының атынан мешітті салған кəсіпкер азаматқа ат мінгізіп, құрылысшының иығына шапан жапты.

Шара соңында мешіт имамы сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын жеткізді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: