Өмірлік мақсат неде?

Өмірлік мақсат неде?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптеген адамдар бұл өмірге келгендегі миссиясын сезіне алмай, фәнидің мағынасын іздеп жүреді. Ақиқатпен кездеспеген жанның басы тасқа жарылып, денесі суық суға тоңып, табаны ыстық шоққа күйеді. Әдетте адамның жеке қалғанда өзіне қоятын "Менің өмір сүруімде қандай мән-мағына мен мақсат бар?" деген сұрақ бар. Өкініштісі, көбісі сұрақтың жауабын айрықша ықыласпен іздеудің орнына, алғашқы жауаптың нұсқасын құп алып, не дүниенің, не жаман қылықтың, не өзге де нәпсі семіртер жаман әдеттің артында кете береді. Есесіне фәнидің мағынасын тауып, ақиқаттың арқанын берік ұстап, өмірдің даңғыл тура жолына түскен адамға ақшада, атақ та, дүние де екінші кезекке ауысады.

Қазақтың маңдайына біткен нар тұлғалы арыстардың бірі, ұлт ағартушысы, қара сөздің көсемі Абай бабамыз бұл турасында талай сөздер қалдырып кеткен. Абайдың бір өлеңінде:

...Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа, 
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. 
Адамды сүй, алланың хикметін сез, 
Не қызық бар өмірде онан басқа?! -деп, Хақ Тағалаға деген құлшылық пен тура жолды табу өмірдің ең қымбат құндылығы екенін көрсеткен.

Адамзаттың құтқарушысы, екі дүниенің ханзадасы, Алланың сүйікті құлы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бірінші кезекте Аллаға иман келтіру мен өзінің көрсеткен тура жолында құлшылық етуді айтқан.

Ал Қаситті Құранда не делінген? Бұған жауапты «Зәрият» сүресінің 56-аятынан табамыз: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық ету үшін ғана жараттым», - делінген.

Адамзатты хикметпен жаратқан Алла Тағала бізге пайғамбарлар арқылы қалдырған сара жол мен сол жолда бағдаршамдай бағыт сілтеген ғалымдар, әулие-әмбилердің өмір тарихынан өзімізге өнеге алуымыз қажет. Ақырғы Пайғамбардың (с.а.с.) үметінен болған әрбір инсан үшін - өмірдің ең асыл мақсаты Жаратқанға құлшылық екенін біліп жүруіміз қажет.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: