Қайырымдылық - асыл іс!

Қайырымдылық - асыл іс!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ даласында күн тәртібінен жетім мен жесірдің, мүсәпір мен міскіннің мәселесі түспеген. Тарихымызда тайға таңба басқандай есте қалған талай тайғақ кешу замандар болы. Ата діні мен баба ділін бойына сіңіре білген қазақ баласы ешқашан адамдықтан қайтпаған, мұқтаждардың хақысына қол сұқпаған. Керісінше, олардың жүргін жібітіп, сенімін арттырып, ортадағы орнын табуына барынша жағдай жасаған.

Бейбіт заманның куәгерлері, жаңашыл дәуірдің ұландары,  Қазақстанның қазіргі халқы ата жолын жалғастырып қайырлы істерін мұқтаждардан аямауда. Қалың жұртқа белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыттарының біріне айналған, қайырымдылық жасау - сауапты істердің бірі. Жамбыл облысының өкілдігі халық әл-ауқатының тамырына қан жүгіртуге өз үлесін қосуда. Осылайша, облысымыздың өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтің ұйытқы болуымен мерейлі Мәуліт мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған рухани-танымдық кеште түскен қаражатты қайырымдылық акциясы шеңберінде 5 отбасыға материалды көмек ретінде бөліп берді. Әр отбасы қыс айларының қарсаңында, отбасылық қажеттіліктерді өтеуге үлкен мүмкіндік алып, өкілдік тарапынан 30000 теңге көлемінде көмекке қол жеткізді.

Қайырымдылық акциясы "Һибатулла Тарази" мешіті мен медресе қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өз жалғасын тапты. Көптен демеу тапқан бастаманың нәтижесінде 20 отбасыға қайырымдылық көмек жасалып, әр ошақ қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: