Қырғыздың қыздары діни білім алуға құштар.

Қырғыздың қыздары діни білім алуға құштар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қырғыз билігі діни білім алуға ниетті қыз-келіншектердің саны едәуір өскенін атты.

Мысалы, Бішкек қаласында орналасқан Омар хазірет атындағы Ислам институтында жалпы білімгерлер санының 60% нәзікжандылар құрайды екен. Дәлірек айтқанда, 800 студенттің 480 - бойжеткендер.   

ізде студенттердің арасында қыз балалар көп. Оқуға деген құлшыныс үлкен. Көрсеткіш ретінде бір орынға бірнеше талапкер оқуға ниет білдіріп жататынын айтуға болады," - деді Ислам институтының ректоры Марс Ибраев.

Есесіне әйел жамағатының шариғаттағы құқық, ахлақ, иман, ихсан турасындағы білімі тереңдей келе, болашақ жарларына деген талаптары өсті.

"Қоғамда "әйел - екінші немесе үшінші сортты жаратылыс" деген пікір жоқ емес, олар үйде отырып, сөзге келмей, тек басын изеу керек дейтіндерді де көріп жатамыз. Үстіртін көзқарасымен ойлайтын кейбір адамдар осындай тар шеңберден шыға алмай жүр. Білім алу мен дұрыс ақпараттқа қол жеткізудің нәтижесінде қоғамда жарларына адал, аманатшыл, отбасына мейіріммен қарай алатын, құқығы мен міндетін қатар алып жүретін қыз-келіншектер көбейедігіне сенімдімін," - деп топшылады Ибраев мырза.

asyldin.kz


Пайғамбар (с.а.с) былай деген екен: «Қайта-қайта істелінген күнә кішкентай болмас, жарылқау тіленген күнә үлкен болмас». 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: