БҰҰ: Орталық Азияның миллиондаған халғы аштықтан қиналуда

БҰҰ: Орталық Азияның миллиондаған халғы аштықтан қиналуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық Азия мемлекеттерінде тамақ тапшылығы салдарынан 5,6 миллион адам аштық халінде өмір сүруде.

Бұл жайлы БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық бағдарламасының аясандағы "Европа және Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі саласында қалыптасқан мәселелер 2017" атты баяндамасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, аштық жағдайында күн көріп отырғандардың басым көпшілігі Тәжікстанда екен - 2,6 миллион адам, яғни жалпы халықтың үштен бірі.

Екінші орында Өзбекстан (1,9 миллион адам, халықтың 6,3%), үшінші кезекте - Қырғыз елі (0,4 миллион адам, жалпы халықтың 6,4%), төртіншісі - Түркіменстан (0,3 миллион тұрғын, халықтың 5,5%). Белгілі болғандай, Қазақстаннан басқа өңірдің әрбір аймағында аталған мәселе кездеседі екен. Европа мен Орталық Азияда жалпы 14,3 миллион адам аштықтың ауыртпалығымен күресуде.

asyldin.kz


Әбубәкір (р.а.) былай дейді: «Қабірге жол азықсыз (ізгі амалдарсыз) кірген адам ашық теңізде кемесіз қалғанмен бірдей». 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: