ҚАДЫРОВ ТАЙСОНМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

ҚАДЫРОВ ТАЙСОНМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әлемге танымал америкалық боксшы Майк Тайсонмен кездесті. Кездесу Шешенстан астанасы Грозныйда өтті. Қадыров белгілі боксшыны ислам дінін қабылдағаннан кейінгі есімі Мәлік Әбдул Әзиз есімімен атады.

«Жуырда керемет кездесу болды. Біз бокс туралы, оның бүгінгі даму деңгейі жайында көп әңгімелестік, он екі жыл бұрынғы кездесуіміз туралы еске алдық. Майк Тайсон үлкен бокс спортын тастағанымен, әлемде оның танымалдығы мен сый-құрметі азайған емес. Біз де достығымыздың бұдан ары жалғасатынына сенім білдіреміз» дейді Қадыров.

Еске сала кетсек, Майк Тайсонның спорт тарихында 50 жеңіс және 6 жеңіліс жазылған. 1986 жылы ол ең жас әлем чемпионы атанды. Тайсон – Халықаралық бокс федерациясы, Әлемдік бокс кеңесі және Әлемдік бокс ассоциациясы нұсқалары бойынша әлемнің ауыр салмақтағы абсолютті чемпионы. Ол ислам дінін 1992 жылы қабылдаған.

kazislam.kz


«Егер Алла Өзінің құлына игілік қаласа, онда оның күнәләрінің жазасын осы дүниеде береді, ал егер жамандақ қаласа, онда оның күнәләрінің жазасын Қияметте толығымен беру үшін бұл дүниеде бермейді» (Тирмизи).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: