Қордайда мәуліт кең көлемде тойланып өтті

Қордайда мәуліт кең көлемде тойланып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт мерекесі тойланды.Мүбәрак кешке қордайлық ақсақалдар мен ақжаулықты аналар, мешіт жамағаты қатысты.

Мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шараның шымылдығын Мәуліт мерекесінде Алла елшісінің  өнегелі жолын насихаттап, ізгілік пен адалдық жолына бастайтын рухани мейрам Құран оқумен басталды.

Жиналған жұртшылыққа Қордай ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Есполов аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Азамат Дабырұлы бас имам Д.Жандосұлының ұсынысымен жыл он екі ай бойы үлгілі қызмет етіп, жақсы нәтижеге қол жеткізген, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тәуелсіз елімізде діни тұрақтылықты нығайтуға ат салысқаны үшін бес имамды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Шымқаладан арнайы «Асыл мұра» өнер орталығының өнерпаздары «Пайғамбарлар падишасы» атты арнайы мерекелік  бағдарламасын жиналған жамағатқа ұсынды. Көрсетілген қойылымдардан жиналған жұрт ерекше әсерленіп, көзіне жас алса, «Хира» тобының өлеңдерін сүйсініп тыңдап, айтылған термелерге ой толғады.

Бас имам Д.Жандосұлы «Пайғамбарға сағыныш» тақырыбында тебіренді уағыз айтты.  Жиналған жұрт «зікруллаһ» әнін қосыла орындап, разышылығын білдірді. Аудандық мешіт асханасында арнайы мерекелік дастархан жайылып, мерекені жоғарғы дәрежеде атап өтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айтылып, ақсақалдар ақ батасын беріп, қуанышты күйде, алған әсерлерімен бөлісіп, тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: