Ауданда жаңа мешіт ашылды

Ауданда жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті  жұма күні Көгершін ауылында Алла Тағаланың жердегі үйі ашылды. Мешіт Алланы танудың, ізгілік пен мейрімділіктің және құлшылық қылудың ордасы.  Алла үйін салған адамдарға Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» - деген. Ислам діні еліміз бен жеремізге тарағаннан бастап мешіт салу  – Алланың сүйген құлдары, пайғамбарлары, шұғылданған қасиетті ісі болатын.

Ауыл тұрғындарын бақытқа бөлеген қуанышқа аудан имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев, ауыл әкімі, кәсіперлер ортақтасты. Мешіттің ашылу салтанаты Құран оқумен басталды, ауыл әкімі Сақтасын Тастанов аудан әкімінің игі іске ат салысқан барша азаматтарға алғысын арнаған құттықтау хатын оқып, ізгілік пен қайырымдылықтың ғасырлар бойы жалғасып келетін үрдіс екенін айтты.  Кейін сөз алған аудан мешітінің бас имамы  Сұлтаншәріп қажы: "Ауданда мешіттердің  көбейіп келе жатқандығы бұл - алдымен мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып жатса, екіншіден, Ислам дінінің өркен жайып келе жатқандығының көрінісі," - деді.

Жиында мешіт салу ісінде өзгеге үлгі еткен, игі бастамаға себепші болған  Көгершін ауылының молдасы Қайрат Ерметовқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың «Алғыс хаты» мен естелік сыйлығы табыс етілді.

Көк күмбезді жаңа нысанның лентасын ауыл қариясы Төребек Даулетқұлов ақсақал мен аудан имамы Сұлтаншәріп қажы қиды.

Ауыл көркіне сән беріп, сәулеті келіскен мешіттің  көз тартатын 6 метрлік күмбезі бар. Жаңа мешіттің ішінде 400 адамға арналған замануи талапқа сай әйелдер мен ерлер залы, сауат ашу курсына арналған сынып бөлмесі және имамның қабылдауына арналған бөлме қарастырылған.

Ашылудан соң бас имам шүкірлік турасында уағыз айтып, сол күнгі жұма намазын оқыды.

 Әбілда Мейірханов  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: