«Махабатты Мұхаммедке арнайық»

«Махабатты Мұхаммедке арнайық»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ жанындағы "Әйелдер және қыздар" секторы сауат ашу Құран курсының ұстаздары мен шәкірттері тарапынан ұйымдастырылған «Махабатты Мұхаммедке арнайық» атты мәуліт кеші болып өтті.

Бағдарлама алдында мешіт ұстаздары мен шәкірттері оқыған Құранның хатымы жасалып, дұғасы оқылды. Жиылған жамағат Жұма намазына сап түзеді. Намаздан кейін қонақтар мәуліт бағдарламасын тамашалады. Рухани кештің шымылдығы Құран кәрім тиләуатымен ашылды. Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірінен, жеке бас ахлағынан арнайы дайындалған өлең жырлар мен көріністер көрсетілді. Стамбул қаласы, «Топ Капы» сарайындағы Пайғамбарымыздың (с.а.у) жеке заттары мен аманаттарынан естелік слайд түрінде көпшілікке ұсынылды.

Келген қонақтарға шәкірттеріміз өз қолымен жасаған сыйлықтарын беріп, апаларымыз мерекелік шашуларын шашты. Кеш соңында Маржан апа қоштасу құтпасын оқыды. Мерекелік дастархан басында бас қосқан мұсылман жамағат ұйымдастырушыларға алғыс дұғаларын білдіріп тарқасты.

Алла мешітімізде қызмет етіп жатқан бауырларымызға разы болып, дұғаларымызды қабыл етсін дейміз.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: