Әлемдегі тұңғыш спорттық кимешек жаппай сатылымға шықты.

Әлемдегі тұңғыш спорттық кимешек жаппай сатылымға шықты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйелдерге арналған тұңғыш спорттық бас киім дүкен сөрелеріне жөнелтілді. Әлемнің озық технологияларын пайдалана отырып спорттық тауар өндіретін Nike корпорациясы өнімге Pro Hijab атауын берді. Бұл компания спорттық кимешектерді өндірушілердің алғашқысы.

Белгілі болғандай, көрсетілген нұсқадағы модельді жасау үшін бір жылдан астам уақыт кеткен. Кимешкті тығыз торлы ауа өтетін матадан даярлаған. Яғни, бас киім егесінің қандай спорт түрімен шұғылданса да, дене қимылына ешқандай кедергі көрсетпейтіндігі анықталған. Негізінен бас киім үш түсті гаммада өндіріледі. Олар: қара, сұр және обсидиандты (бай қызғылт-қара түсі. автордан)

HypeBae басылымының хабарлауынша спорттық кимешектің алғашқы моделі наурыз айында таныстырылған болатын. Маркетологтар өнімнің жарнамасына Ислам дінін ұстанатын бірнеше атақты спортсмен қарындастарымызды шақырған. Ол тізімде: Араб Әмірліктерінің мәнерлеп сырғанаудан шебері Эграти Захра Лари мен ауыр атлетиканың жұлдызы Амна аль-Хаддад, Неміс елінде жаттығу жасап, сол елдің намысын қорғап жүрген боксшы Зеина Нассар бар.

Өнім фурор жасап, ақпаратты шолушылардың пікірінше Time журналының 2017 жылы жасалған үздік өнертабыстарың тізімін ілінді.

 asyldin.kz


Мұсылманға не кездіксе де, ол мейлі шаршау болсын, ұзақ ауру болсын, мазасыздану болсын, қайғы болсын, қолайсыздық болсын, керек десеңіз тікенектің шаншығаны болсын, Алла Тағала ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бірін кешіреді (Бұхари, Муслим). 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: