Қордай имамдары жылды қорытындылады

Қордай имамдары жылды қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының имам-молдалары әдет бойынша кезекті басқосуға аудандық  мешітте жиналды.

Келелі жиынның негізгі мақсаты - ҚМДБ және өкіл имам тарапынан келген тапсырмаларды орындау, жүзеге асыру жолдарын талқылау. Мәжілісте 29 қарашада облыстық мешітте өтетін жылдық қорытынды жиналысқа дайындық, жылды қорытындылау мәселесі қаралды. Ағымдағы жылда атқарылған іс-шаралардың нәтижесін шығарылып, қате- кемшіліктер түзетілді.

Бас имам Д.Жандосұлы Бас Мүфти тарапынан келіп түскен күнделікті  уағыз-насихат жұмыстарын  бірізділікпен атқару, тақырыптардан ауытқымау жұмыстарын тапсырды. Сонымен қатар елімізге келген мәулід айын жоғарғы деңгейде бар мүмкіндігінше атап өтіп, ардақты елшінің (с.ғ.с) өнегелі өмірін насихаттау мүмкіндігін кеңінен пайдалану жүктелді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: