БАӘ ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

БАӘ ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен араб әмірлігі Гиннестің рекордтар кітабын кезекті рет жаңартты. Бұл жолы Дубай қаласында мүгедек арбасына таңылған адамдар сайысы өтті. Гиннес рекордтар кітабының өкілдері бұқаралық үлкен жарысты тамашалап, жаңа жетістікті тіркеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарысқа әртүрлі жастағы 289 адам қатысқан. Сонымен қатар, әмірлікте жуырда мұрагер ханзада Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұм ұйымдастырған «фитнес-қарсы тұру» атауымен спорттыұ челедж өтті. «30 күнге 30 минут» марафоны аясында 20 қазаннан 18 қараша күніне дейін Дубайдың әр тұрғыны күн сайын өзі қалаған спорт түрімен жекелей және командалық түрде қатысады. «Дубай қаласы әлем бойынша басқа қалаларға үлгі болуға күш салып келеді.

Осы мақсатта азаматтардың спортқа және салауатты өмір салтына ынталандырамыз» деді мұрагер ханзада. «Біз физикалық мәдениетті қоғамға енгізуді қалаймыз және оның адам өмірінің бөлінбес бөлшегіне айналуын жоспарлаймыз. Бұл әмірлік тұрғындарының өмірін жақсарта түседі» деді шейх Хамдан бин Рашид.

kazislam.kz


 Қасиетті Құранда Мәйдә сүресінің 5-аятында «Ей, мүминдер! Алла Тағала сендерге ауыртпалық қаламайды. Ол сендерді таза болуларыңды және шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауын қалайды»

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: