Бұл уағыз жамағатты терең ойға түсірді

Бұл уағыз жамағатты терең ойға түсірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен апталық уағыз өтті.

Насихатты осы мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жапек жүргізді. "Алланың сынағы" тақырыбын арқау еткен үгіт әйелдер жамағатына үлкен әсер сыйлады. 

Нәзік жандылар көкейкесті сауалдарын қойып, дін маманынан өзекті жауаптар алды. Шүкіршілік, сабырлық, ризық сынды қасиеттер сөз болып, жиында асыл аналардың ғибратты оқиғалары үлгі ретінде тілге тиек етілді.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: