Таразыдан жегені үшін осылай дүниеден өтті.

Таразыдан жегені үшін осылай дүниеден өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір әйел келіп: “Күйеуім әл үстінде жатыр” – деп, үйіне молданы шақырады.

Молда барып әл үстінде жатқан адамға дем салады. Құлағына “Лә иләһә иллаАллаһ” – деп сыбырлайды. Ауру адам бұл сөзді қайталай қоймайды. Молда: “Естімей жатыр ма?” – деп, екінші рет сыбырлайды.

Сонда ауру кісі: “Мені неге қинай бересің? Айта алмаймын оны, екі періште келіп аузыма таразы тығып жатыр” – дейді.

Бұл кісі қайтыс болып, жаназасы өткен соң, оның әйелінен молда сыр тартады. Әйелі айтады: “Бұл кісі саудагер еді. Базарда ет сататын еді. Екі таразысы бар еді. Өзі ет сатып алар кезде, кем өлшейтін таразысын пайдаланар еді, ал өзі біреуге ет сататын кезде, артық өлшейтін таразысын қолданар еді. Сөйтіп пайда табар еді”.

Міне, осы оңай олжа оның бұл өмірден имансыз өтуіне себеп болыпты. Жаны шықпай жатып, періштелер тарапынан жаза көріпті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: