Әли бин Абу Тәлиб және қашыр ұрлаушы

Әли бин Абу Тәлиб және қашыр ұрлаушы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Әбу Тәліптің баласы Әли мешітке келеді. Мешіттің алдында тұрған бір адамға: «Мына қашырды қарай тұрсаңыз, мен намаз оқып шығайын деп едім» – деп, өтініш білдіреді. Әлгі адам хазреті Әли мешітке кіріп кеткеннен кейін қашырдың жүгенін шешіп алып, базарға кетіп қалады.

Мешіттен шыққан хазреті Әли жүгенсіз тұрған қашырын көреді де оны мініп алып, жанындағы балаға екі дирхам беріп базардан жүген сатып әкелуге жұмсайды. Базарға келген бала қашырдың жүгенін танып оны екі дирхамға сатып алады.

Жүгенін көрген хазреті Әли: «Расында пенде Алланың адал несібесін сабырсыздықпен өзі харамға айналдырып алады. Алла тарапынан тағдырына бұйырған нәрсесінен пенде ешқайда кете алмайды»  – дейді.

Аударған: Ғалымбек ЖАПЕК

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: