72 ЖАН НАМАЗДА ТҰРҒАН ҚАЛПЫНДА ҚАЗА ТАПТЫ

72 ЖАН НАМАЗДА ТҰРҒАН ҚАЛПЫНДА ҚАЗА ТАПТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауғанстан еліндегі екі бірдей мешітте жарылыс орын алып, 72 жанның өмірмен қоштасуына әкеліп соқты. Бұдан бөлек, 70-ке жуық мұсылман түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

Жарылыстың бірі Кабул қаласындағы «Имам Заман» мешітте орын алса, екінші зұлымдық Гур провинциясындағы құлшылық үйінде жүзеге асқан. Оқиға орнында болған төтенше жағдайлар қызметкері Рахматуллах Ализада: «Жүрек ауыртатын қанды көрініс. Қабырғалардың барлығы қанға боялған, бөлшектеліп кеткен адам мүшелері...» – дейді.

 Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, екі жарылыс арқылы лаңкестер осы уақытта мешітте құлшылық жасап жатқан әсккери бөлім басшысы ФАзл Ахад есімді азаматтың көзін жоюға бағытталған болуы мүмкін.

Muslim.kz


Алла Та­ға­ла Құ­ран­да: «Олар­ға дұ­ға ет. Се­нің дұ­ғаң олар­ға ра­қым­шыл­дық», – дейді.  Тәубе, 9/103.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: