"Сақал - сүннет" дәрісі жүргізілді.

"Сақал - сүннет" дәрісі жүргізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елбасымыз Муфти хазретті қабылдағанда жастардың бейберекет қауға сақал өсіріп жүру үрдісін сынға алған болатын. Бадр шайқасында Абдулла ибн Масғудтың Абу Жаһлдің сақалынан ұстағандығы келеді. Атеистік иделогияның көсемі Ленинның да сақалы болған. 

Сақал өсіру - мустахаб амал (өсірсең сауап, өсірмесең күнә емес) екенін түсіндіру мақсатында Шу қалалық "Жәми" мешітінде аталған мешіт ұстазы Нұржан Қалиев жамғатқа арнайы дәлел-дәйектермен, еліміздің танымал ғалымдарының сақал жайындағы уағыздарының қысқаша видео нұсқаларын көрсетіп, түсіндіру дәрісін өткізді.     

Жиында сақалды күтіп-баптау, бейберекет жібермей қазақтың Абай, Ахметі сынды ретпен өсіру мәселесі сөз болды.  

Пайғамбарымыз (с.а.с) хадис шарифте: «Алла Тағала сендердің сыртқы пішіндеріңмен, бейнелеріңе қарамайды, бәлки сендердің жүректеріңе қарайды» - дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: