Тәуекел түбі жел қайық

Тәуекел түбі жел қайық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қысылтаяң шақтарда Жаратқанға жалбарынып, тәуекел ету нағыз мұсылмандықтың белгісі. «Ер жолдасы – тәуекел» деп Тәңірге шынайы тәуекел етуді тіршіліктің басты негізі етіп алған ата-бабаларымыз хақиқи иманның үлгісін көрсетті.

Тіршілікте Алла Тағаланың қолдауына үміт артып, «нар тәуекел» деп білекті сыбана әрекет ету қазаққа тән қажырлылық қасиеті. Содан болар ел аузында мынадай ұлағатты сөздер кең тараған. «Уайым түбі − тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі − жел қайық, мінесің де өтесің». «Тәуекелсіз іс бітпейді, тәуекел етпеген арықтан өтпейді».

 «Ер жолдасы – тәуекел». «Тәуекелшіл тау жығар». Мұндай шынайы имани ұстаным діннен алынған тағылымның нәтижесінде пайда болған. Ардақты аяттар мен хадистер осыны айғақтайды.

Алла Тағала: «Егер бекінсең, Аллаға тәуекел ет. Ақиқатында, Алла (Өзіне) тәуекел еткендерді жақсы көреді», – дейді.  Бәйһақи мен Табарани риуаят еткен.

Омар (р.а.) Алланың Елшісінің (с.а.с.): «Егер сендер Аллаға нық тәуекел етсеңдер, онда Ол сендерге таңертең қарындары қабысып шығып, кешке қампайып қайтатын құстарды ризықтандырғанындай ризық берер еді», – дегенін естігендігін айтады. Тәңірге тәуекел етумен бірге лайықты әрекет ету де қатар жүреді. Әйтпесе, «алма піс, ауызға түс» деп босқа үміттеніп жата берудің еш жөні жоқ

 Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Түйемді байлап, сосын Аллаға тәуекел етейін бе, жоқ әлде бос жібере салып, тәуекел етейін бе?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Алдымен байлап қой, сосын тәуекел ет», – деген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: