Араб елдерінің бірі қазақстандықтарға визалық жеңілдік жасап отыр

Араб елдерінің бірі қазақстандықтарға визалық жеңілдік жасап отыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оман сұлтанатының билігі Қазақстан азаматтарына визалық жеңілдік қарастыратын шешім қабылдады. Бұл жайында Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті.

"Бұдан былай Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада және Австралияда немесе Шенген аймағы елдерінде визасы бар немесе тұратын қазақстандықтарға шақырусыз 30 күнге туристік визаны алуға болады. Басты талап - қайтар билетінің болуы және қонақ үйден бөлме брондап қоюы",- деп айтылған хабарламада.

Сөз реті келгенде айта кету керек, Оман ислам әлеміндегі ең бай мемлекетердің бірінен саналады. 2016 жылы аталған елдің жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 46 698 доллардан айналған. Яғни, әлемде 23-ші орыннан көрінген. Барланған мұнай қоры шамамен 5,5 млрд баррелді құрап отыр.

Осыдан жарты ғасыр бұрын, дәлірегі, елу жыл бұрын Оман жабық елдердің бірі болатын. Қазіргі уақытта Парсы шығанағындағы ең зайырлы елдердің бірі. Сондай-ақ, бұл елде жеке тұлғаға салық салынбайды. Үйсіз-күйсіз бірде-бір адам жоқ. 

 

islam.kz


Омардан (р.а.) пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Амалдардың ең абзалы – мұсылманның әуратын (айыбын) жауып, қарнын тойдыру немесе қажетін өтеп қуанту», – деп айтқандығы риуаят қылынады (Табарани).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: