Нәзік жанды дін мамандарының семинары болып өтті.

Нәзік жанды дін мамандарының семинары болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан айының 12, 13 күндері Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ұйымдастыруымен ОҚО Шымкент қаласының мемлекеттік педагогикалық институтында «Діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» тақырыбында 2 күндік оқыту семинары өтті.

Ұйымдастырылған кезекті семинарға арнайы үш облыс шақырылған болатын. Жамбыл облысынан ҚМБД-ның Жалпы және жастар бөлімінің жанындағы «Әйелдер-қыздар» секторының Жамбыл облысындағы өкілі Зейнеп Үсенова мен Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Қолағұлова Жібек және Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы оңалту орталығының басшысы Сембекова Альбина мен инспектор психолог Лязат Мырзашқызы барып қайтты.

Аталмыш семинарда Дін істері комитетіне қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы «Әйелдер аудиториясы мен діни экстремизмнің алдын алу және дерадикализация бағытында жұмыс жүргізудің теологиялық және тәжірибелік мәселелерін» қозғап өтті.

Аталмыш орталықтың жанындағы Діни ахауалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкері Әбуов Тұрар Түгелұлы «Рухани Жаңғыру және діни сана» тақырыбына кең тоқталды.

ҚМДБ-ның жалпы және жастар ісі бөлімінің жаныдағы «Әйелдер-қыздар» секторының Жамбыл облысындағы өкілі Зейнеп Үсенова «Қазақ әйелдерінің қазіргі күнгі бейнесін қалыптастыру және жат діни ағымдардағы әйелдер жамағатына түсіндіру жұмысын жүргізудің кейбір түйінді мәселелері» төңірегінде сөз өрбітті.

Семинарға тыңдаушы ретінде қатысқан Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Қолағұлова Жібектің айтуынша, бұл семинарда оқылған баяндамалардың мазмұнының тереңдігімен қатар, қарсылықты пікіралмасуға жақсы мүмкіндіктер берілгенін айтып, елдегі діни ахуалды тұрақтандыруға және реттеуге байланысты өзінің бірқатар ұсыныстарын жеткізе біліпті.

Семинар аяқталысымен Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде әйелдер жамағатымен кездесу өтті. Кездесуде тараздық мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек әйелдер жамағатының діни сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық дін басқармасының өкілі Лязат Мырзашқызы «Қазақ ұлтының психологиясы, идеологиясы, ұлттық құндылықтары» төңірегінде салмақты сөз айтты.

Жиын соңында Жамбылдық қонақтарға оңтүстіктің асыл әжелері ақ баталарын берді.

"Қуыс үйден құр шықпа", "Орамал тоң болмайды, жол болады", - демекші пейілі кең шымкенттік әйелдер жамағаты келген қонақтарға жаулықтарын жауып, сыйлықтарын табыстауды ұмытпады.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: