ТАРИХ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

(1808, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі - 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) - ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
(1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Арыстанбаб - әулие. Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: " Бабтардың бабы - Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар басы - баба Арыслан" деп жырлаған. Қазақ бақсылары да: "Түркістанда түмен баб, Сіздерден медеттілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстанбаб, Сіздерден медет тілеймін" деп әулиелерден демеу сұраған. Әулие-әнбиелер иерархиясында Арыстанбабтың ең жоғары тұрғанын Алпамыс жырының бір нұсқасында Байбөріге перзентті болатындығы жайында хабар жеткізген Баба түкті Шашты Әзіздің:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Әдиб Ахмед ибн Махмұд орта ғасырлық ақын, шариғатшыл хаким, ойшыл. Зағип болып туып, бұл дүниенің жарық сәулесін көрмей, бақиға озған ақын Түркістан маңындағы Жүйнек қаласында туған. Ахмед ибн Махмұд түркі тілдерімен бірге араб тілін жетік меңгерген, Ислам шариғатын насихаттаған ақын.