МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің сауат ашып жатқан шәкірттеріне шай үстінде уағыз айтылды. Аталмыш шарада Байзақ аудандық мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі  Жанат Әмірханқызы  «Нәпсіні тәрбиелеу» және «Адал ризық табу жолдары» атты уағыз-насихат айтты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, аудандық мешіттің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы және  Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылының тұрғыны,  майдангер Рахымжан Мамыралиевтің шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкөзек ауылдық «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлының ұйытқы болуымен және Байзақ ауданының депутаты Асылбек Жасұзақұлының демеушілігімен мешіт жанындағы спорт кешенінде ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, аудан наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы «Ізгі қоғамды құрудың пайдасы» тақырыбында насихат айтты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

         «Қолы ашықтың жолы ашық» дейді дана халқымыз. Елдің азаматтарын атымтай жомарт болуға үгіттейтін имамдарымыз мұқтаждың көңілін сұрап, оларға қол ұшын беруді уағыздарында көп қозғайды.